№20 Алмалы орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері. » СШ №20
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №20 Алмалы орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері.
18
июнь
2019

№20 Алмалы орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері.

№20 Алмалы орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері.
Сіздерді 2018 – 2019 оқу жылының сәтті аяқталуымен баршаңызды құттықтаймыз. Өткен оқу жылына ойша көз жүгіртіп, жеткен жетістіктерімізді, алған асуларымызды еске аламыз. Бұл арманның асқарларына қол созып, болашақтың биіктерін бағындыруға көмектеседі. Биылғы оқу жылында 308оқушыға 36 мұғалім сапалы білім берді. 27оқушы үздік аяқтады, 168 оқушы 5-4 – ке оқу жылын аяқтады. Білім сапасы 63% құрап отыр. «Өмір бойы білім алу әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет» деген сөзді ескеріп, уақыт талабына сай, кәсіби білікті ұстаз болу үшін, 14 мұғалім, арнайы жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтті. . Мұғалімдер мен қоса оқушыларда барлық республикалық, облыстық, аудандық жарыстар мен интернет олимпиада, пән олимпиадасына қатысып жүлделі орындарды иеленді.
Аудандық ғылыми жобаларға да біздің оқушылар биылғы оқу жылы белсенді қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ: Қазақ тілі пәні мұғалімі Жұмабек Балжан сәуір айында аудандық ғылыми жобаға қатысып бас жүлдені ұтып алып,мұғалімі Нұралиева Н М облыстық ғылыми жобаны үздік қорғап қайтты. және Тайбекова Алмагүлдің оқушысы Болат Аяулым тарихтан 1-орын,Үмбетбаева Ақтотының оқушысы Асық Камиля географиядан ғылыми жобадан 1-орын алып облыстық байқауға жолдама алды. Пәндік олимпиадаға барлығы 12 оқушы қатысып, оның .- 7 жүлделі орынға ие болды. Олар Алмахан Айшолпан қазақ тілінен – 3 орын, Қырғызбай Еркежан орыс тілінен – 3 орын, Хамит Дана ағылшын тілінен – 3 орын, Керім Айдана математикадан – 3 орын, Оңалбек Жания химиядан – 3 орын, Әбиір Разия қоғамтанудан – 2 орын және Тұрарбек Арайлы – қазақ тілінен – 1 орын алып,облыстан 2-оранға ие болды. Республикалық Білген олимпиадасына барлығы – 12 оқушы қатысып, соның ішінен 7-сынып оқушысы Нұржанова Сезімай Республикалық турда жеңіске жетті. Пән мұғалімі Нұралиева НМ. Республикалық «Ақ бота» интелектуалды марафонына -17 оқушы қатысты, Кенгуру Лингвист 16 оқушы ,
Кенгуру математика 10 оқушы, Адам және табиғат 15 оқушы қатысты.Золотое Руно 5 оқушы қатысып 1оқушы 2орын алды.2018-2019 жылында Халықаралық,Республикалық,облыстық аудандық олимпиадалар мен байқауларға белсене қатысып,жүлделі орындарды иеленіп,мектептің рейтингісіне өз үлестерін қосып,ең жоғары бал жинаған пән мұғалімдері Тоқтабаева Айгүл, Ахметова Қымбат, Құстүтінова Жанар, Ахметова Жұлдыз, Тайбекова Алмагүл, Абдуллаева Гүльмира, Үмбетбаева Ақтоты, Қыпшақбаева Бейбіткүль, Таубаев Ерлан. Бұл ұстаздардың еңбек кітапшаларына алғыс жарияланды.Осымен орай тәрбие саласынада да үздік сынып жетекшілер анықталып отыр. Олар Хаджимұратова Роза, Тайбекова Алмагүл, Ахметова Қымбат, Қасымбекова Гүлнар, Төкеева Гүлжанар, Тоқтабаева Айгүл.
Биыл 11 сынып оқушылары мектептен қорытынды аттестаттау тапсырады. 22 оқушы ның 17 –і ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. Оларға сәттілік тілейміз. Бүгінгі күні ең жоғарғы балды жүзден асырып жинап отырған оқушы Керімбай Айдана.біздің мектептің мақтанышы.Үздік аттестат иегерлері Керімбай Айдана және Байтұрсын Дархан.